Байқоңырда коронавирустан алғашқы өлім тіркелді
Байқоңыр қаласында Covid-19 коронавирусынан алғашқы өлім тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Марқұм "Байқоңыр" ғарыш айлағының қызметкерлері тұратын жерде өмір сүрген.
"Байқоңыр" кешені аймақтық басқармасының ақпараты бойынша, 2020 жылғы 18 маусымдағы сағат 16.00 - дегі жағдай бойынша, Байқоңыр қаласында: тіркелген жағдайлар саны - 56; сауығып кеткен адамдар саны - 10; амбулаторлық емделуге шығарылған адамдар саны - 7; қайтыс болғандар саны - 1", - делінген қалалық әкімшіліктің сайтында.
Марқұм ғарыш айлағында жұмыс істей ме, жоқ па, бұл жағы хабарланған жоқ.
Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирустан 105 науқас көз жұмды.
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті