Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Мақсатқызы: Ер болып жаралсам, гей болар едім

Продюсер Баян Мақсатқызы әйел болып жаралғанына қуанып жүр. Себебі ұл бала болсам, көгілдір болып кетер едім дейді ол.

баян 040817

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Күні кеше Есентаева бояусыз түскен кезекті суретін жариялады.

“Дүниеге ер бала болып келмегенім қандай жақсы, әйтпесе гей болар едім”, – деп жазды продюсер.

Алайда Баян Есентаева бұл сөзді тура емес, жанама мағынада айтқан ұқсайды. Себебі:

“Опа-далапсыз, иісмай мен әртүрлі маскаларсыз қалай өмір сүруге болады? Бояусыз бәріміз үлкен көрінеміз. Қыз болғандықтан, кірпік жалғатуға кеттім”, – деп түсіндірді ол.

баян максаткызы когілдір2

Мақсатқызының бұл жазбасы желіде қызу талқыға түсті. Фолловерлердің бір тобы Есентаеваның бояусыз да сұлу екенін айтса, екіншілері продюсердің жазбасын сынап жатты. Жұрттың сыны шамына тисе керек-ті, Баян Есентаева аталған жазбасын өшіріп тастапты.

Жіберіп алмаңыз:

Серікбол Сайлаубек: Төрт әйел аламын, сол да сөз боп па?

Қайрат Нұртасты жұрттың көзінше сүйіп ала жаздаған жігіт кім? (видео)

Ерке Есмахан өз аты-жөнін білдіретін көлік нөмірін көрсетіп мақтанды

5500 теңгеден бастап: Құралай Нұрқаділова арзан киімдер сата бастады

Талқылау