Батыс Қазақстанда 400 тонна шөп өртеніп кетті
Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданының Сайқын ауылдық округінде жинаулы тұрған 400 тонна шөп өртенді. Өрт 12 сағатта сөндірілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Өрт 13 шілде сағат 19:00 шамасында шөп жинау кезінде басталған. Екі мыңға жуық шөп орамы өртенді.
Өрттің шығуына не себеп болғаны анықталып жатыр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті БҚО төтенше жағдай департаментінің 8 қызметкері мен ерікті өрт сөндіру құрамасының 8 адамы сөндірді.
Өрт 14 шілде таңертең ауыздықталды.
12 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы Имантау ауылы маңында қайың-қарағай орманы өртенген болатын. Алдын ала мәлімет бойынша өрт аумағы 100 гектарды құрады. Өрт сөндіруге тікұшақ да қолданды.
Жарыстан екінші орын алсам әкем ұрсып, скакалкамен ұратын — Әсел Қанай каратэден әлем чемпионатының қола жүлдегері
Әсел Қанай Әлем ойындарында "Жыл үздік спортшысы" атағын жеңіп алған
"Намысым "штраф стоянкада": Қазақстандықтар Тәуелсіздік күні полицияның ту ұстап жүруге тыйым салғанына шағымданды
Айбар Олжаев: "Көлікке ту іліп, айыппұл алсаңыз, бір штрафыңызды мен төлеп беремін"