Баспанасында тұрып жатқанын хабарлауы керек: Қанша ресейлік қазақстандықтардың үйін паналап отыр
ҚР Ішкі істер министрлігіне 11 мың қазақстандық ресейлікті паналатқаны туралы хабарлама түсірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жайында ІІМ Көші-қон қызметінің комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аслан Аталықов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде мәлім етті.
"Бүгінге дейін мұндай мәліметпен 11 мың хабарлама түсті. Осы мүмкіндікті пайдаланып тағы, да осы заңнаманы сақтауларыңызды сұраймын. Бұл – нақты біздің азаматтарға қатысты талап. Шетелдіктердің келгені туралы хабарламаны олар 3 күннің ішінде хабарлауы керек. Әйтпесе, бұл үшін Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 518-бабы бойынша жауапкершілік көзделген", – деді комитет басшысы.
Еске сала кетсек, Ішкі істер министрлігі шетелден келген мигранттарды жұмысқа алған немесе пәтер берген қазақстандық бұл туралы 3 күн ішінде хабарламаса, айыппұл салынатынын хабарлаған болатын.
Қазақстандық әйел ұлын 380 мың теңгелік "Жаңа Ұрпақ" лагерінде ұрып тастағанын айтты
Лагерьден кейін ұлының психологиясына айтарлықтай әсер еткен
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.