"Басында жануардың тістеген ізі бар": Жаркентте 54 жастағы ер адамның мәйіті табылды
Жаркент көшелерінің бірінен басы жарақатталған 54 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі мәлімдеді. Оқиға орнында Панфилов аудандық полициясының жедел-тергеу тобы жұмысын жалғастыруда.
"Жаркент қаласында көшелердің бірінен 54 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылды. Ер адамның басында жануарлардың тістеген жарақаты бар. Анықталғандай, жақын маңдағы жеке үйде питбуль тұқымды иттің жүнінен қанға ұқсас қоңыр дақтар табылған. Итке уақытша ұйыұтататын дәрі салынды. Ер адам шынымен жануардың шабуылынан қаза тапты ма анықталуда ", - делінген сенбіде хабарламада.
Мұнда ер адамның өліміне иттің қатысы бар-жоғын полицейлер тексеріп жатыр.
Аутист қызметкер Burger King-тегі жанжалдан соң қызметінен кетті: Анасы оның қысым мен буллингке ұшырағанын айтты
Отбасы бірнеше ай бойы Әлібектің эмоционалдық және психикалық жағдайын қалпына келтіруге тырысқан
"Піштіремін деп қорқытты": Ақтөбеде университеттің экс-оқытушысы малшыны соққыға жықты деген күдікке ілінді
Бахилин бала күнінен әркімнің малын бағып келеді