Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас әскери прокуратура алты айдан бері комада жатқан сарбаз Ербаян Мұхтардың ісіне қатысты мәлімдеме жасады

Бас әскери прокуратура алты айдан бері комада жатқан сарбаз Ербаян Мұхтардың ісіне қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Әлеуметтік желіден

Әскери прокуратураның мәліметінше, қазір "Денсаулыққа ауыр зиян келтіру арқылы әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынастың жарғылық ережелерін бұзу" бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Әзірге күдікті ретінде ешкім анықталмаған. 


Алматыда әскери бөлім 5 ай бойы комада жатқан сарбаздың отбасын пәтерінен шығарып жіберген


"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы қатардағы жауынгер Ербаян Мұхтардың дене жарақатын алуына қатысты түрлі нұсқаларды қарастыруда, оның ішінде жарғыдан тыс қарым-қатынастарда болуы мүмкін. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді", – делінген прокуратура хабарламасында. 

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында әскери бөлімде жарақат алып, алты ай бойы комада жатқан сарбаздың анасы әділдік талап еткені туралы жазған едік. 

Талқылау