Алматы облысында қойшының басын кесіп, денесін айдалаға лақтырып кеткен
Алматы облысы Балқаш ауданының марқұмның туыстары “атып өлтірген ағамыздың басын ала алмай отырмыз” деп шағымдануда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.
Олардың айтуларынша, қой бағатын 45 жастағы ағалары 23 тамызда жоғалып кеткен. Оның денесін бауырлары 6 қыркүйекте Бірлік ауылына 8 шақырым жерден іздеп тапқан. Сараптама нәтиежесі оның басынан атып өлтіргенін анықтаған.
Тергеу барысында сот-медициналық сараптама үшін мамандар марқұмның басын алып қалған. Денесін жер қойнына тапсырғанымен, басы болмағандықтан туыстары марқұмның жаназасын да шығара алмаған.
Ауруханадан шығып, жоғалып кеткен: Ақмола облысында әйел адамның денесі табылды
"Ағамыздың басын экспертизаға қажет деп бермей алып қалды. Денесін алып, жер қойнына тапсырдық. Бірақ жаназа оқытылған жоқ. Полицейлер өздеріне тиісті жұмысты дұрыс атқарған жоқ. Біздің олардың ешқайсысына көңілім толмайды", – дейді марқұмның бауыры Нұрлан Ниязов.
Осылайша қайтыс болған азаматтың туыстары тергеу амалдарына да наразылықтарын жасырмады. Әзірге аймақтың полиция департаменті орын алған оқиғаға қатысты ешқандай мәлімет айтқан жоқ.