Балық аулауға кеткен: Оралда өзен жағасынан 21 жастағы жігіттің мәйіті табылды
Орал қаласында Шаған өзені жағалауынан 21 жастағы жігіттің мәйіті табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға жас натуралистер станциясы маңында болған.
"Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Мүрде сараптамаға жіберілді. Жігіттің өзен жағасында балық аулағаны анықталды", – делінген полиция хабарламасында.
БҚО полиция департаменті тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтап, барынша абай болу керектігін ескертті.
Еске салсақ, бұған дейін Таразда жалдамалы пәтерден екі әйелдің мәйіті табылғаны туралы жазған едік.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ыншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды