Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Баласы бар келіншекті ұнаттым": Жахан Отарғалиев сәтсіз махаббатын есіне алды

Танымал актер, шоумен Жахан Отарғалиев өміріндегі жауапсыз қалған махаббатын айтып, жан сырын ақтарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/zhahan_utargaliyev/

Актер жеке парақшасында журналиске берген сұхбатынан үзінді жариялады. “Есіңде ме, осыдан 5 жыл бұрынғы сұхбатта сенен "баласы бар келіншекке үйленер ме едің?" деп сұрадым. Сол кезде сен "жоқ" деп сенімді айттың. Қазір ойың өзгерді ме?", – деп сұрады жүргізуші. 

“Қазір өзгерді. Қазір қанша баласы болса да, ұнатып, жақсы көріп тұрсам алатын едім. Ол кезде сондай адам болды. Баласы бар келіншек. Бірақ қорқыныш басым еді. Мен оның баласына қалай әке боламын деп ойлайтын едім", – деді актер. 



Желі қолданушылары сүйікті актерін қолдап жатса, енді бірі жігіт басымен жылап, сұхбат беріп отырғанын сынады. 

“Балжаннан бекер айырылып қалдың”, “Сұхбат беріп, сөз көбейтіп отырғаның жарамайтын іс”, “Әйелді үйде тығып ұстайтының бар, Балжанға неге үйлендің”, “Жахан дінді ұстанып, әйелін үйде отырғызуы дұрыс”, “Жылап отырғаның дұрыс емес”, “Жаханға рөлден шығу керек. Оның қайғысы ешкімге керек емес”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 

 

Талқылау