Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Баланың өмірін ойрандағымыз келмеді": Оралда басын қайық жұлып кеткен әйелдің туыстары кінәлі жайлы

Оралда басын қайық жұлып кеткен әйелдің туыстары сот ісі жайлы өз пікірлерін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап. 

қайық

Бүгін жазатайым әйелдің өліміне себеп болған депутаттың баласы түрмеден босатылды. 17 жастағы бозбалы катермен жүзіп жүріп, суда шомылып жүрген әйелді қағып өлтірген. Оқиға орнынан қашып кеткен ол кейіннен екі жарым ай түрмеге отырып шыққан. Қазіргі таңда кінәлі жігіт абақтыдан босатылыпты. 

"Кәмелетке толмаған Крыловтың ісі 99-баптан ("Қасақана адам өлтіру") 104-баптың 1-тармағына ауыстырылды ("Абайсызда кісі өліміне себепші болу "). Бұл орта дәрежелі қылмыс болғандықтан, кінәліні түрмеден босату туралы прокурордың хаттамасы қанағаттандырылды", - деді Орал қаласы тергеу сотының канцелерия жетекшісі Олжас Кадесов. 

Марқұм әйелдің туыстары бұған шағымданбайтындарын жеткізді. 

"Біз қаскөйдің түрін көру үшін барымызды салдық. Сөйтсек, ол жас бала екен. Екі жарым ай темір торда отырғаны оған қиынға соққаны белгілі. Осы кезде өзінің қателігін түсінді деген үміттеміз. Абайсызда болған жағдай, енді баланың өмірін ойрандамаймыз ғой. Біз оны түрмеге жапқымыз келмеді", - дейді марқұмның әпкесі Людмила Еркналиева. 

 

Талқылау