Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баланы 5 жастан мектепке берудің қажеті жоқ: Данияр Есен бала тәрбиесіне қатысты 20 кеңес айтты

Журналист, тележүргізуші бала тәрбиесіне қатысты 20 кеңес айтты. Данияр Есен баланы мейірімге бөлеп, бетін қақпай тәрбиелеуге үндейді. 

1. ӘКЕ, АНА атану – бақыт. Мұндай бақытқа барлық адам кенеліп жатқан жоқ. Демек, сіз бақыттысыз!

2. Қызыңызға күніне кем дегенде бір рет «Қандай әдемісің!» деген жылы сөз айтып тұрыңыз.

3. Балаңыздың тәрбиесіне мектеп те, Интернет те, әлеуметтік желі де, қоғам да жауапты емес. Ертеңгі күні сұрау сізден болады. Сондықтан, сіз жауаптысыз!

4. Интернет ол – мусор. Мықты фильтріңіз болмаса, сол қоқыстың бәрі ішіңізге кетеді. Сүзгіңізді дұрыстаңыз!

5. Комплекстің барлығы бала кезден басталады. Балаңыздың бетінен қақпаңыз!

6. Бала тәрбиесіне тек әйел ғана жауапты емес. Ұрығын шашқан еркек те бала тәрбиесіне жауапты!

7. Өмірінде бір кітаптың бетін ашып көрмеген ата-ана баласына қалай тәрбие береді екен деп уайымдайсың.

8. Балаға 24 сағат уақыт бөлудің қажеті жоқ. Күніне 30 минут жетеді. Бірақ, сол 30 минутыңызды тек балаңызға арнаңыз.

9. Балаңызды ешқашанда жұрттың баласымен салыстырмаңыз.

10. Балаңыздың кез-келген ұсақ-түйек жетістіктеріне қуанып, мақтап отырыңыз. Бұл – балаға берілетін мотивация.

11. Балаңыздың көзінше өсек айтпаңыз, біреуді жамандамаңыз. Бала ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі.

12. Балаңыз тыңдамаса, хат жазыңыз. Жазбаша нұсқаны кез-келген адам жақын қабылдайды.

13. Балаңызға өздігінен шешім қабылдауды үйретіңіз.

14. Бала 7 жасқа дейін тек ойнау керек. Баланы 5 жастан мектепке берудің қажеті жоқ.

15. Балаға жасына сай өлең, тақпақ, ән жаттатқызыңыз. Ауыр, негатив шығармалардан аулақ болыңыз.

16. Балаңызбен үнемі сөйлесіңіз. Үлкендерше әңгіме айтыңыз.

17. Бала – сіздің көрерменіңіз. Қандай кинода кімнің рөлінде ойнайсыз, бала соны тамашалайды.

18. Егер сізде 5 бала болса, махаббатыңызды әрқайсысына 20 пайыздан бөліп беріңіз. Біреуге 19 %, біреуіне 21 % кетіп қалмасын.

19. Балаларыңызға ешқашанда тырыстырып, тар киім кигізбеңіз.

20. Ата-ана махаббатына бөленіп өскен бала – өскенде жан-жағына, айналасына махаббат сыйлай алады.

Талқылау