Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Балам демей-ақ қояйын": Бағлан Әбдірайымов құмар ойынға салынғанда анасының қалай ренжігенін айтты

Бағлан Әбдірайымов бірнеше жыл бұрын құмар ойынға қалай салынып кеткенін айтып берді. Әнші бұған анасы мен жұбайының қалай ренжігенін, тура жолдан не себепті адасқанын Ernur.kz басылымына берген сұхбатында әңгімеледі. 


Құмардың қақпанынан шыға алмай қалған Бағлан бұл туралы біраз ақпарат іздегенін айтады. "Құмар ойынды қалай қоюға болады?" деген сауалмен әнші талай имам, психологтардың табалдырығын тоздырған. Алайда ешкім нақты жауап бере алмады дейді ол.

"Егер де осыған дейін құмар ойын туралы, оның ішкі "асханасын" ашып беретін қазақша кітап болса, мен соны оқитын едім. Бізге дейінгілер де, біз де ойнадық, бізден кейінгілер де ойнайды. Келешекте іні-қарындастарымыз сырты жылтыраған нәрсенің іші қандай екенін, оның зардабын білсін деген ниетпен "Ақ пен қара" деген кітабым жазылды", – дейді Бағлан ағынан жарылып.

Бағланның ойынша, адам білім іздеуді тоқтатқан кезде адасып кетеді. 


"Аягүл де, Жанар да сөз көтере алмай кетті": Бағлан Әбдірайымов Тұрсынбектің қызына қолдау көрсетуді сұрады


"Білім Алланікі десек, ізденісті тоқтатқан кезде Жаратушымен байланысың үзіліп, адасып кетесің деп ойлаймын. Өзімде болған қателіктің барлығы білімсіздіктен. Ізденбесең, білім алмасаң, өзіңді дамытпасаң, кез келген лас нәрсеге жақын болып, кез келген нәрсенің жетегінде кетіп қаласың. Өзіңнің айтар ойың, жеке көзқарасың болмайды. Жаратушының өзі: "Маған құл болмасаңдар, кез келгеннің құлы болып кетесің" дейді. Расында да, менің жағдайымда солай болды", – дейді Әбідрайымов.

Құмар ойынның құрығынан шыға алмай жүрген шақта Бағлан анасы мен жұбайының ренжігенін айтады. 

"Уақыт емші ғой, уақыт өткеннен кейін барлығы ұмытылып кетті. Анамыз, жолдасым ренжіді.

...Ол кезде де қатты бүлінген жоқ, бірақ қатты ренжіді енді. Анамның: "Енді ойнасаң, балам деп сені атамай-ақ қояйын", – деп айтқаны бар еді. "Балаң жақсы болса, жердің үсті жақсы, жаман болса, асты жақсы" деген бар ғой", – дейді Бағлан Әбдірайымов.
 

Талқылау