Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Балаларымызды қашанға дейін мазақ етеді?": Ақтөбеде белгісіз біреу онлайн-сабақта балағат сөздер айтып, ұятты хабарлар жіберген

Ақтөбеде бір мектептің қашықтан оқытуы кезінде белгісіз біреу балағат сөздер мен ұятсыз хабарлар жіберген,  деп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға туралы әлеуметтік желілерде мектеп оқушыларының ата-аналары мәлімдеді.

"Zoom басқа оқу қосымшалары сияқты кибершабуылдарға ұшырайды. Өкінішке қарай, біз де оған тап болдық. Ақтөбе қаласы,..... мектеп, 6 сынып. Хат алмасуда балаларға қорқынышты хабарлар жазатын белгісіз адам пайда болды. Неліктен осы қосымшамен оқу жалғасуда? Неліктен біздің балалар қорғалмайды?  Балаларымызды қашанға дейін мазақ етеді? Бала психологиялық жарақат алуы немесе қорқуы мүмкін! Оқыту әдістерін қайта қарауды сұраймыз!", - делінген хабарламада.

Қалалық білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Гүлназ Мырзағалиева сабақтың 17-ші мектепте өткенін айтты.

"Бұл математика сабағы болды. ZOOM-конференция кезінде бөтен адамның атынан оқушы ретінде конференцияға шығып, балағат сөздер айта бастады. Мұғалім бұл адамды өшірді, ол тағы бір рет басқа атпен конференцияға кірді. Қазіргі уақытта бұл бөтен адам екендігі анықталды, бірақ кім екені белгісіз. Сондықтан іс мән - жайларды анықтау үшін полиция департаментіне жіберілді", - деп түсіндірді ол.

Болған оқиғаға қарамастан, мектептердегі оқу әлі басталмайды.

"Оқыту форматы пандемияға байланысты оқушылар мен педагогтардың қауіпсіздігіне байланысты таңдалды. Сондықтан сабақтар қашықтық форматта жалғасады", - деді Мырзағалиева.

Талқылау