Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балаларға көңіл бөліңіздер: Лидо ауруханада жатқан ұлының әңгімесін баяндап, жұрттың жүрегін елжіретті

Әнші Лидия Досалина ауруханада жатқан ұлының әңгімесін баяндап, жұрттың жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Stan.kz.

Лидия Досалина

Instagram-парақшасында ұлы туралы жазған әнші Лидо ата-аналарды балаларына көңіл бөлуге шақырды. Әншінің айтуынша, сырқаттанып қалып, ауруханадан бірақ шыққан ұлы ауруханада жатқанына қуанған екен.

«Жалпы, бұл бір жарым ай қиын өтті. Бәлкім, ата-аналардың бәрінде солай болар. Себебі жиі ауырдық… Демалыс кезінде иммунитет көтеріледі деп ойладым. Алайда ұшып келес сала тағы ауырып қалдық.

Дубайға барар сапар алдында Рахман екеуіміз жұқпалы аурулар бөлімінде жатып шықтық. Ыстығы көтеріліп, қалшылдап, талып қалып, ауруханадан бірақ шықты. Ал ұлым маған кешкісін не дегенін білесіздер ме? «Анашым, ауруханада сондай жақсы…», – дейді ұлым. «Неге олай дедің, ұлым? Саған ине салады, ауырады. Ауруханада жақсы не бар?» – деп сұрадым. Сонда ұлым: «Себебі біз біргеміз. Сен маған оригами, ұшақтар жасап бересің. Менімен бірге мультфильмдер көресің», – деп жауап берді. Қорытынды: балаларыңызға көңіл болып, көп уақыттарыңызды бірге өткізіңіздер. Біз – балаларымызға керекпіз. Барлық бала аман болсын», – деп жазды Лидо.

Өз кезегінде әншінің жазбасын оқыған желі қолданушылары жағымды пікірлер қалдырып, өз кеңестерімен бөлісіп жатты.

Оқи отырыңыз:

Енемдікі дұрыс: Жұлдыз Әбдікәрімова өзін 10 жыл бойы жасырып ұстаған енесінің әрекетін қолдайтынын айтты (фото)

Гүлзира Айдарбекованың 50 жасқа толуына орай келіндерінің жасаған сыйлығы жұртты сүйсіндірді (видео)

Танымал кәсіпкер Мұхтар Шахановтың пәтерақы қарыздарын төлеп беретін болды

Айсәуле Бақытбек әкесінің жағдайын білуге жиі бармауының себебін ашып айтты

Талқылау