"Балаларды мектепке даярлайық": 200 бірінші сынып оқушысына көмек көрсетілді

Жаңа оқу жылы қарсаңында Shin-Line корпоративтік қайырымдылық қорының ұйымдаструымен "Балаларды мектепке даярлайық" акциясы өтті. Биыл көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 200 оқушыға мектеп сөмкелері мен қажетті кеңсе тауарларының толық жиынтығы табысталды.
Бастаманың басты мақсаты – отбасыларға қолдау көрсетіп, балалардың жаңа оқу жылына қажетті құралдармен қамтылуына көмектесу.
"Бала үшін жаңа сөмке мен мектепке қажетті құралдар – жай ғана заттар емес. Бұл жаңа кезеңге дайын екеніңді сезіну, өз қатарластарыңмен бірге мектеп өмірін сенімді бастау мүмкіндігі. Сондықтан біз үшін мұндай қолдаудың жүйелі түрде көрсетіліп, балаларға оқу жылын қуанышпен бастауға мүмкіндік бергені маңызды", – деді Shin-Line корпоративтік қайырымдылық қорының президенті Дамир Дигай.

"Балаларды мектепке дайындайық" акциясы 2023 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде 600-ден астам балаға мектеп сөмкелері мен кеңсе тауарларының толық жиынтығы табысталды.
Бірнеше жыл ішінде бұл акция Shin-Line корпоративтік қайырымдылық қорының игі дәстүріне айналды.

Компания әлеуметтік және қайырымдылық жобаларын жүзеге асыруды жалғастырады.
Талғарда баланы азғындамақ болған ер адам ұсталды: Қыздың анасы істі ешқандай адвокат алмай жатқанын айтады
Талғар қаласында ұрлық үстінде бала зорлауға әрекет жасаған ер адамды полиция ұстады
Өзбекәлі Жәнібеков кім және Қазақстанда оның кесенесі неліктен тарих және мәдениет ескерткіші деп танылды
Реставрацияның мақсаты – кесененің жағдайын жақсартып, сәулеттік келбетін сақтау және ғұмырын ұзарту