Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Балалар суициді — ортақ қасірет": Тоқаев ұрпақты оптимист етіп тәрбиелеуге шақырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Білім және ғылым» конференциясы кезінде балалар суициді мәселесін көтеріп, оптимистерге жаңа буын қалыптастыру қажет екенін тоқталды, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Тоқаев

Сурет: Ақорда 

«Балалар суициді баршамыз үшін қайғы-қасірет болып отыр. Біз олардың неліктен мұндай қадамға барып жатқанын ойлануымыз қажет. Тәрбиелеу процесі сапасының негізгі өлшемі – тұрақты өмірлік ұстанымдарды қалыптастыру. Ерік-жігері берік және өмірлік қиындықтарды жеңе білетін оптимистердің жаңа буынын қалыптастыру – біздің баршамызға ортақ міндет. Басқаша болмайды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Әрі қарай президент БАҚ-тан балаларды ұрып-соғу жағдайларының, олардың тиісті емес жағдайда өмір сүруі туралы ақпараттардың көбейгеніне назар аударып, үкіметке мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін барлық шараларды, оның ішінде заңнамалық шараларды қабылдауды тапсырды.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін «Білім және ғылым» конференциясы кезінде мемлекет басшысы мұғалімдер жалақысын екі есе арттыруды тапсырды. Сондай-ақ, Білім министрі Асхат Аймағамбетов 2021 жылы әліппенің қайта оралатынын мәлімдеді. 

Атап өтсек, ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан дәстүрлі шараға еліміздің түкпір-түкпірінен екі мыңнан астам ұстаз қатысуда. Олардың қатарында мектеп, колледж бен жоғары оқу орындарының оқытушыларымен қатар ата-аналар, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері бар.

Жиын барысында білім және ғылым саласындағы өзгерістерді басқару мәселелері талқыға салынып, инновациялық идеялар мен бастамалар ұсынылуда. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр