Қазақстандық қыздарды Бахрейнге сексуалды құлдыққа сату ісі бойынша сот басталды
27 мамырда Шымкентте қыздарды сексуалдық құлдыққа сатумен айналысқан трансұлттық қылмыстық топтың ұйымдастырушыларына қатысты сот басталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия бірінші" арнасына сілтеме жасап.

Сотталушылар орындығында 16 адам бар. Бұл қазақстандықтар, ресейліктер және қырғызстандықтар. Банда адам саудасының халықаралық арнасын құрды.
Төрт жыл бойы Қазақстаннан қыздарды Бахрейнге алып барған. Онда қыздар жыныстық құлдыққа түсті. Зардап шеккендердің арасында кәмелетке толмағандар да бар. Барлығы жоғары ақы төленетін жұмыс туралы ұсынысқа алдаған.
Қылмыстық топ 2020 жылдың қыркүйек айында тағы бір жәбірленушіні шығармақ болған кезде ұсталған.
Бұған дейін Бахрейнде жезөкшелікке салынған қазақстандық бойжеткен көрген азаптары жайлы айтты.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр