Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Экономика импортқа тәуелді: Қазақстанда инфляция деңгейі 8,6% көтерілді

Қазақстанда кейінгі бір жарым жылда бірінші рет инфляция өсті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, шілде айында инфляция 0,7% болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Stan.kz

Жылдық негізде тауарлар мен қызметтер бағасының жалпы өсу деңгейі 8,6%-ға жетті.

Ұялы байланыс қызметтерінің бағасы 11 жарым пайызға, интернет байланысы орташа есеппен 6,8 пайызға қымбаттады. Әуе қатынасының құны да 12,9%-ға өсті. Азық-түлік өнімдерінің ішінде қырыққабаттың бағасы 16,8%-ға көтерілді. Сарапшылардың айтуынша,  ұлттық валютаның тұрақтылығына байланысты баға өскен.

“Валюта бағамы инфляцияға әсер етеді. Шілдеде бұл көрсеткіш 440-тан 475-ке дейін өсті. Меніңше, ең көбі 480 болды. Бұл біздегі инфляция. Неліктен? Өйткені бізде импортқа тәуелді экономика бар. Импорт 440-қа қайта бағаланып, шілдеде мөлшерлеме 480-ге дейін көтерілсе бір жөн. Сәйкесінше, осы жолғы қайта бағалау бағаның өсуіне себеп болды”, – дейді экномист Арман Бейсенбаев.

Бұған дейін 1 тамыздан бастап Қазақстанда жол жүру ақысы мен тариф қымбаттайтыны туралы жазған едік.

Талқылау