Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әзірбайжандағы президент сайлауында Ильхам Алиев жеңіске жетті

Ильхам Алиев Әзірбайжан президентін сайлауда халқының қолдауына ие болып, жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі haqqin.az басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: REUTERS

Өзбекстан мен Беларусь президенттері Шавкат Мирзиеев пен Александр Лукашенко әріптесін кеше Әзірбайжан президентін мерзімінен тыс сайлауда жеңіске жеткенімен құттықтады. 

Мирзиеев Әлиевті президенттік сайлаудағы жетістігімен құттықтап, оған қызметте табыс тіледі. Өзбекстан басшысы Ильхам Әлиевтің басшылығымен Әзірбайжан жерлерін қайтару маңызды екенін атап өтті.

Сонымен қатар Лукашенко да Әлиевті Мемлекет басшысын сайлаудағы жеңісімен құттықтап, Әзірбайжанның дамуы мен өркендеуі жолында қызметіне табыс тіледі.

Әлиев екі ел президентіне назар аударғаны және құттықтағаны үшін алғыс айтты. Мемлекет басшылары достық қарым-қатынас одан әрі нығая түсетініне сенім білдіріп, ынтымақтастық туралы пікір алмасты.

Кеше кешке АҚШ-тың Oracle Advisory Group ұйымы Әзірбайжанда өткен кезектен тыс президент сайлауының exit-poll нәтижелерін жариялады.

Деректерге сәйкес, қазіргі мемлекет басшысы Ильхам Әлиев – 93,9%, Захид Оруж – 1,8%, Фазиль Мұстафа – 1,5%, Гудрат Гасангулиев – 1,2%, Рази Нұруллаев – 0,9%, Эльшад Мұсаев – 0,4% және Фуад Әлиев 0,3% дауыс жинады.

2003 жылдан бері билік басында отырған Ильхам Әлиевтің әзірбайжандар арасында танымалдығы ел Таулы Қарабақты толық бақылауға алғаннан кейін артып кетті.

Билікте отырғанына 20 жыл болған Ильхам Әлиев Әзірбайжанда өтетін сайлауда президенттікке кандидат ретінде ұсынылғанын жазған едік. 

Талқылау