Айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазының ұлы қайтыс болды
Айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазының 16 жастағы Әлихан есімді ұлы оқыс жағдайда қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Экспресс К. сайтына сілтеме жасап.

Серікзат Дүйсенғазы отбасымен жаңажылдық мерекеге орай демалысқа барған. Сол кезде ұлы оқыста шаңғыдан құлап, көз жұмды. Ақынның әріптестері мен достары әлеуметтік желіде қайғысымен бөлісіп, көңіл айтып жатыр.
Серікзат Дүйсенғазы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты. Бірнеше республикалық айтыстың жеңімпазы.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған