Айсәуле Бақытбек екінші қызына қандай есім бергенін жария етті
Танымал продюсер Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек екінші қызына қандай есім қойғанын мәлім етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан кадр
Айсәуле қызына Сәтті деген есім берді. Блогер ерекше есімді көпшілікке өзгеше тәсілмен жария етті. Ол Алиша, Ділдә, Оливия, Алсу, Алма, Сәтті деген қыз баланың аттары жазылған шарды кезек-кезек жарды. Соңында нәрестеге Сәтті деген ерекше есімді бергенін айтты.
Желі қолданушылары да ерлі-зайыптының қызына қазақша ат қойғанына риза болды.
“Сәтті қазақша ат болғанына қуандым”, “Керемет, ерекше есім”, “Оливия болып қала ма деп қорқып едім”, “Мұндай есім сирек кездеседі”, “Біздің Сатиша”, “Тамаша таңдау”, – деп жарыса жазды желідегілер.
"Миллиондар жоғалттым": Қазақстандықтар трейдингпен айналысамын деп сан соғып қалғандарын айтты
"500 мың теңгеге курс алып, бүкіл депозитімнен айырылдым"
"Жұмыстан шығаруға негіз емес": Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер