Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйгілі қазақ әншілеріне пародия жасаған Ерке Есмахан жұртты таңғалдырды (видео)

Осыдан бірнеше жыл бұрын Ерке Есмахан отандық “Жұлдызды дода” бағдарламасына қатысып, өзін жаңа қырынан танытқан еді. Ол танымал әншілерге пародия жасаған-ды. Алайда ол шақта Еркенің атағы қазіргідей болмағандықтан, жоба барысында жұрт әншіге аса назар аудармады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Есесіне бүгінде тыңдарманның Еркенің шығармашылығына деген қызығушылығы жоғары. Жұрт бірнеше жыл бұрын болған жоба видеоларын енді қарап, түрлі пікірлерін білдіруде.

“Мен сізді танымай қалдым. Атыңызды жазғаннан кейін де күмәнмен қарадым, толық болған екенсіз, домалақ бет те әдемі жарасады екен”, “Ерке жарайсың, мен қайта-қайта көрдім. Қазақтың маңдайына біткен қызсың”, “Мүлдем өзіне ұқсамайды ғой”, – деп таңғалысты жұрт.

Өзгелер Еркеге грим салынғанын айтып, әншіні ақтаумен болды.

Айтпақшы, жобадан алынған үзіндіні күні кеше әншінің өзі Instagram парақшасында жариялады.

Айта кетейік, Ерке “Жұлдызды дода” шоуында Роза Бағлановадан бөлек, Мәдина Ералиева, Гаухар Әлімбекова, Салтанат Бақаева сынды өнер иелеріне пародия жасаған.

Жіберіп алмаңыз:

Гүлназ Әлімгерей: Немересіне орысша сөйлеп отырған ата-әжелерді көріп жаным ашиды

Пайдалы сөз айтқаннан балағаттаған тиімдірек: Айжан Байзақова қалай танылғанын айтып берді

Жасырған едік: Майғазиевтің анасы келінінің жүкті екенін түс көріп білген

Дәрігерлер Төреғалидің әнін тыңдаған жүкті әйелдердің толғағы жеңілдейтінін айтады

Талқылау