Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әйеліммен Ерке Есмахан таныстырды": Режиссер Тимур Болатов қайын әпкесі туралы айтты

Танымал режиссер Тимур Болатов алғаш рет отбасы туралы айтты. Жары Ақбөпе Әбдірашпен Elle Kazakhstan жобасына келіп, сұхбат берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Режиссердің айтуынша, әйелі – Ерке Есмаханның сіңлісі.

“Екеуміздің жүретін сферамыз бір. Бірінші кездесуге Ақбөпенің өзі шақырды. Бұрын сырттай бір-бірімізді білетінбіз. Екінші рет Ерке Есмаханның “Қайда” әнінің клипін түсірдік. Біздің танысуымызға сол кісінің тікелей қатысы бар. Кейде Ақбөпе менен “стилист болсаң, кімге киім тігер едің?” деп сұрайды. Ойланбастан Ерке Есмахан деп айтар едім. Ол кісімен жұмыс істеген жеңіл”, – дейді режиссер. 

Ал әйелінің айтуынша, бірінші өзі ғашық болған.

“Өзімнің ұнатқаным рас. Маған әдемі жігіттер ұнамайтын. Тимурдың түрі ұнады. Бірақ киіну стилі ұнамады. Мамандығым стилист болғандықтан, “киіміңді жөнде” деп айттым. Мен ұйықтап жұмыс істейтін адаммын. Сол жерде киім үтіктеп тұрғанда Тимур менен "жағдайың қалай?" деп сұрады. Сол кезде ұнату сезімі пайда болды. Кейін жобаларымды аяқтаған соң бірінші болып Тимурды киноға шақырдым”, – дейді Ақбөпе. 

Қос жұптың Сүйрік есімді қызы бар. 

 

Талқылау