Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әйел перзентханадан енді шыққан": Алматыда ерлі-зайыптылар жаңа туған сәбиін 2 млн теңгеге сатпақ болды

Алматыда ерлі-зайыптылар жаңа туған сәбиін 2 млн теңгеге сатпақ болды. Полиция 1998 жылы туған Б. есімді әйел мен оның күйеуі 1991 жылы туған Б. есімді азамат ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде ішкі істер министрлігінің ресми сайты жазады.

саби

Алмалы ауданында арнайы іс-шараны ҰҚҚКБ жедел уәкілдері мен полицияның арнайы жасақ қызметкерлері бірлесіп жүргізген.

"Бірнеше сағат бұрын әйел перзентханадан шыққан. Олар сол жерден бірден мәміле жасауға кеткен. Олар ұлын 2 млн теңгеге бағалаған. Айта кету керек, ерлі-зайыптылар тумаған бала үшін “әлеуетті ата-ананы” алдын ала іздеген. Жаңа туған нәрестені сатудан түскен ақша айыпталушыларды ұстау кезінде тәркіленді", – деді, Алматы қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев.



Іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 135 бабы 2 бөлігі (Кәмелетке толмағандар саудасы) бойынша тіркелген қылмыстық іс материалдарына қосылды. Қылмыстық іс аясында жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Бұл ерлі-зайыптылардың екі баласы бар екендігі анықталған. Олар ауыр қылмыс бойынша өз кінәсын толықтай мойындады, деп қосты полиция.

Ақберен Амангелді
Сейсенбі, 14 Ақпан, 2023 12:29
Талқылау