Әйел құймақ жеп жарысамын деп мерт болды
36 жастағы әйел Масленица мерекесінде құймақ жеуден жарысамын деп тұншығып, мерт болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Culture.ru
Ресейдің Красноярск маңындағы ауылда 36 жастағы Наталья Алатова Масленицаға барған. Ол көңілді құймақ жеу сайысына қатысамын деп о дүниелік болды.
Наталья жарысты жеңу үшін құймақтарды шайнамай жұтып, тұншыға бастады.
Кеште кезекші дәрігерлер оның тыныс алу жолдарын тазартуға тырысты, бірақ Наташаның ішінде құймақтардың көп болғаны сонша, мамандар үлгере алмады. Әйелдің өңеші жарты жолда бітеліп қалған.
Полиция тергеу жүргізіп жатыр. Бірақ іс-шара тиісті деңгейде ұйымдастырылып, барлық қажет қауіпсіздік шаралары сақталған.
"Азық-түлік пен медицина қолжетімді": Иранда тұратын қазақ қандастар Отанға оралғысы келмейтінін айтты
Ажар: “Ауруханалар мен университеттер бомбаланып жатыр”
"Асқан қатыгездік": Қазақстандықтар қаңғыбас иттерді жаппай өлтіру туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"