Аягөз қаласының әкімі пара алды деген күдікпен ұсталды
Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласы әкіміне қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысқа күдікті ретінде тергеу жүргізіліп жатыр, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші бөлімінің ерекше маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлері әкім жеке кәсіпкерден 1 миллион 200 мың теңге пара алды деп күдіктенуде.
Бұл ақшаға, тергеу мәліметтері бойынша, шенеунік мемлекеттік сатып алу шарты бойынша орындалған жұмыс актілеріне қол қоюы керек болатын.
«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді Биғайдаров.
Биғайдаров Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасарының ұсталуы туралы да пікір білдірді.
Шенеунік аса ірі мөлшерде пара алды деп күдіктелуде.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі