Австралияда америкалық ұшақ құлады: Аман қалғандар бар
Америкалық Osprey конвертопланы (тікұшақ) Австралияның солтүстігіндегі әскери жаттығулар кезінде Мелвилл аралының аумағына құлады. Бортта 20-ға жуық адам болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Австралияның Қорғаныс министрлігі Osprey тікұшағының (конвертоплан) бортында америкалық әскери қызметшілер болғанын растады және австралиялық сарбаздар зардап шеккен жоқ деп хабарлады.
"Бастапқы маңызды кезеңде біздің басты назарымыз оқиғаның салдарын жоюға және барлық адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған", - делінген министрлік хабарламасында.
Ұшақ Дарвин қаласының солтүстігіндегі Тиви аралдары аймағында жаттығуға қатысқан.Австралияның ABC қоғамдық телеарнасының хабарлауынша, үш адам құтқарылды - олардың біреуінің жағдайы ауыр, екеуінің жағдайы тұрақты.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін