Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Австралия тұрғыны жасы 4,6 миллиард жылға тең метеоритті тауып алған

Австралияның Мэриборо қаласының тұрғыны 2015 жылы ірі тас тауып алған. Ғалымдар зерттей келе тастың жасы 4,6 миллиард жылға тең метеорит екенін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Science Times басылымына сілтеме жасап. 

метеорит

Метеоритт Дэвид Холе есімді тұрғын алтын іздеу кезінде арнайы құралдың көмегімен тапқан. Тастың салмағы 17 келі. Холе тасты кесіп, алтынның бар-жоғын анықтауға тырысқан. Алайда бұл әрекеті сәтсіз болыпты. 

Ерекше тасты зерттеген геологтар мұны таңғажайып оқиға деп атайды. Метеорит Мэриборо деп аталған және оның жасы, шамамен, 4,6 миллиард жыл екенін анықтады. 

Аса берік алмазды кескіштің көмегімен тастың кішкентай бөлігін кескен ғалымдар метеорит құрамында темір мен никельдің көп мөлшерде екенін мәлімдеді. 

Мельбурн мұражайының геологы Дермот Генри метеориттерді ғарышты зерттеудің ең арзан жолы дейді. Жерге түскен аспан денелері Күн жүйесінің пайда болуы жайлы құнды деректер бере алады екен. 

Талқылау