Аула тазалаушысы есепшотына әлдекімнен 7 миллион доллар түскенін көріп, банкке қайтарып берген
Түркияның батысындағы Измир қаласының тұрғыны Озкан Айдик өз шотына белгісіз тұлғалардан түскен шамамен 7 миллион долларды (23 миллион лира) банкке барып қайтарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Yeni Şafak басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Түркиядағы Мендерес ауданында тұратын қарапайым аула жұмысшысы Озкан Айдик коммуналдық төлемдерді төлеу үшін мобильді банк қосымшасына кіргенде өз шотында үлкен сома түскенін көріп таңғалады.
Озкан Айдик банкке барып, ақшаны харам деп санағандықтан қайтарғанын айтты.
"Ешкім келіп, банк қызметкерлерінен бұл ақшаның қайдан түскенін сұраған жоқ", – деп түсіндірді ол.
Алайда ер адам банк қызметкерлері ақшаның қайдан келгенін және қайда кеткенін айтудан бас тартқан. Ал олар бұл банктің жеке ережелері деп алға тартқан. Ақыр соңында ер адам полицияға барып, болған жағдай туралы мәлімдеуді жөн көрген.
Еске салайық, бұған дейін Астанада белгісіз біреу елорда тұрғынының банкоматқа салған бір миллион теңгесін ұрлап кеткенін жаздық. Жәбірленуші банкомат арқылы есепшотына ақша салмақ болған. Азамат банкноттарды банкоматқа салып, операция аяқталды деп ойлап, терминалдан алыстап кеткен. Алайда техникалық себептерге байланысты ақша салынбай, банкомат ақшаны қайтарып берген. Жәбірленуші ақшаның кері қайтқанын көрмеген. Осы сәтті пайдаланған ер адам ақшаны алып, қашып кеткен.