Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұрынғы шенеунігі 1,5 миллиард теңге жымқырды деген айыппен қамауға алынды

Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік қызметтерді көрсетуді дамыту және агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру департаментінің бұрынғы басшысы Бауыржан Айымбетов ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бекет Абишев. Фото: instagram.com/beket_abishev

Алматы облысы бойынша қаржы мониторингі агенттігі бұрынғы шенеунікті бюджет қаражатын жымқыру және жылыстату схемасына қатысты деп айыптады. Мәслихаттың бұрынғы депутаты Бекет Әбішев те күдікті.



“Тергеу нәтижесінде бұрынғы Ауыл шаруашылығы министрлігі департаментінің директоры Б.С.Айымбетовтың 2018-2022 жылдар аралығында Жамбыл және Түркістан облыстарында субсидия алу кезінде алаяқтыққа қатысы бар екені анықталды.

Б.К.Әбішев пен Б.С.Айымбетов 29 ауылшаруашылық кооперативінің электронды цифрлық қолтаңбаларын пайдаланып, элиталық түрдегі таңқурай көшеттерінің жалған жеткізілуі туралы құжаттарды қолдана отырып, жалпы сомасы 1,5 миллиард теңге болатын субсидия алған”, – делінген хабарламада. 

Тергеу соты Б.С.Айымбетовке қатысты екі айға "қамауда ұстау" шарасын санкциялады. Тергеу жалғасып жатыр. Басқа ақпараттар Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

Бұрынғы шенеунік екі айға қамауға алынды.

Талқылау