Атом энергетикасы мамандары енді "Болашақпен" білім алады

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысын өткізді. Жиында “Болашақ” бағдарламасына атом саласы қызметкерлері санаты жаңадан қосылғаны айтылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Басқосу барысында халықаралық пән олимпиадалары мен ғылыми жобалар конкурстарының тізбесі қаралды. Енді аталған зияткерлік додалардың жеңімпаздары “Болашақ” стипендиясына үміткер бола алады.
Талқылау қорытындысында тізбеге математика, физика, химия, биология және басқа да жалпы білім беретін пәндерден өтетін белді халықаралық олимпиадаларды қосу ұсынылды.
Кейінгі 3 жылда 76 қазақстандық оқушы жалпы білім беретін пәндерге арналған халықаралық олимпиадалардың жүлдегері атанған.
Сондай-ақ отырыс барысында бағдарламаға жаңадан қосылған “атом саласы қызметкерлері” санаты бойынша конкурстық іріктеуге қатысушыларға қойылатын талаптар мен өлшемшарттар талқыланды. Біліктілігі жоғары кадрларды даярлау отандық атом өнеркәсібін сапалы дамытудағы маңызды қадамның бірі болады.
- "АҚШ-та үндемей қалу сыпайылық емес, сенімсіздік": Bloomberg-те жұмыс істейтін қазақ қызы Америкадағы өмірі туралы
- Болашақ бағдарламасымен білім алғандарға елге қайтпауға рұқсат етілді
Жиын соңында Ғылым және жоғары білім министрлігіне және Халықаралық бағдарламалар орталығына “Болашақ” бағдарламасы аясындағы конкурстық іріктеудің тетіктерін одан әрі жетілдіру жөнінде нақты хаттамалық тапсырмалар берілді.
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты