Атлант мұхиты жайлы 25 қызықты дерек
Жаңа және ескі әлемді бөліп тұрған үлкен Атлант мұхиты ұзақ уақыт бойы теңіз саяхатшылары үшін еңсерілмейтін кедергі болды. Онда өткен дәуірдегі желкенді кемелері туралы айтпағанда, заманауи кемелердің өзіне қауіп төндіретін ғаламат дауылдар жиі болады. Сондай-ақ, Атлант мұхитының тереңдігі әлі күнге дейін зерттелмеген, себебі оны зерттеу өте күрделі.
Бұдан басқа Атлант мұхиты туралы көпшілігі біле бермейтін қызықты деректер жетерлік.
- Оның аумағы әлемдегі ең ірі ел – Ресейдің аумағынан да 5 еседен астам үлкен.
- Атлант мұхитының ең терең нүктесі 8,7 шақырым тереңдікте орналасқан.
- Атлант мұхиты көлемі жағынан Тынық мұхитынан кейін екінші орынды алады.
- Оның заманауи атауы ежелгі грек мифологиясының кейіпкерлерінің бірі Атлант титанның құрметіне қойылған. Яғни, Атлантида аралында тұрған Атлант титанның құрметіне осындай атау берілген.
- Бұрын әртүрлі елдерде Атлант мұхиты, дәлірек айтқанда, оның кейбір бөліктері Батыс мұхит немесе Сыртқы теңіз деп аталды.
- Оның орташа тереңдігі 3,7 шақырымнан асады.
- Аңыздарға сүйенсек, кейінірек батып кеткен аты аңызға айналған Атлантида құрлығы Атлант мұхиты аймағында орналасқан.
- Бұл мұхиттың суы басқа мұхиттарға қарағанда әлдеқайда тұзды.
- Атлант мұхитын алғаш болып атақты еуропалық саяхатшы Кристофер Колумб кесіп өткен.
- Атлант мұхиты Арктикадан бастап Антарктикадаға дейін, жердегі барлық климаттық аймақтардан өтеді.
- Атлант мұхиты жыл сайын одан ауланатын балықтардың саны жағынан планетамыздағы ең үлкен мұхит Тынық мұхитынан да алда тұр.
- Атлантикадан алғаш болып 1927 жылы америкалық ұшқыш ұшып өткен болатын.
- 20-шы ғасырда Атлант мұхитын жылдам кесіп өткен кемелерге беретін “Көгілдір таспа” құрмет белгісін алу үшін көптеген компаниялар бәсекелесті.
- Антарктиканың барлық мұздықтары Атлант мұхитының су көлемімен шамалас.
- Дәл осы мұхитта әлі күнге дейін біздің әлемнің құпиялары болып табылатын әйгілі Бермуд үшбұрышы орналасқан.
- Атлант мұхитының қарама-қарсы жағалауы бір-бірінен жылына бір жарым, екі сантиметрге алыстауда.
- Атлант мұхитының түбіндегі телеграф кабелі 1847 жылы тартыла бастады және ондағы барлық жөндеу жұмыстарымен қоса кабель тарту бір жарым онжылдыққа созылды.
- Ал жердегі ең үлкен арал саналатын Гренландия аралы дәл Атлант мұхитында орналасқан.
- Ержүрек саяхатшылар Атлант мұхитын 5 рет әуе шарымен кесіп өтуге тырысты, бірақ олардың ешқайсысы аман қалмады.
- Атлант мұхиты бүкіл жер бетінің шамамен 17% -ын алады.
- Ол бүкіл әлемдегі судың төрттен бір бөлігін қамтиды.
- Атлант мұхитының айдынында жағалауы жоқ әлемдегі жалғыз теңіз – Саргассов орналасқан.
- Дәл Атлант мұхитында су әлем бойынша ең жоғары деңгейге көтеріледі. Оның канадалық Фанди шығанағындағы биіктігі кейде 18 метрге жетеді.
- Одан әлемдегі ең ұзын ағын Гольфстрим ағыны өтеді.
- Атлант мұхиты және оған қосылған теңіздер жүзге жуық мемлекеттің жағалауларымен ұласады.
Тағы оқыңыз:
Атлант мұхитын кім зерттеген?