Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыраулық балықшылар Каспийдің тартылуына байланысты шығынға батып, жұмыссыз қалу алдында тұр

Батыс Қазақстандағы су қоймалары тұрғындардың көз алдында тартылып жатыр. Жайық өзеніндегі су деңгейі 2019 жылы ең төменгі деңгейге жетті, ал Каспийде су жағадан 20 шақырымға алыстаған. Жағдайға байланысты биыл жергілікті балықшылар үшін ең нәтижесіз және шығынды болды, себебі балық аулау жоспары орындалмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы арнасына сілтеме беріп.

"Егер су деңгейі қалпына келмесе, онда аймақтағы балық саласынан ештеңе қалмайды. Үкіметтен осыған назар аударуды сұраймыз. Балық аулау үшін көп күш салу керек, аулауға келетін балық аз. Былтыр әлдеқайда жақсы болған еді",   деп атап өтті балықшы Ғаббас Мұратов.

Судың төмен деңгейі балықшыларға көп қиындық тудырды. Жайық өзенінің жағалауында 11 балық шаруашылығы орналасқан. Бірақ балық бәріне жетпеді. Балық аулау проблемаларына байланысты кейбір кооперативтер жабыла бастаған.

"Биыл балықтардың жағдайы бұрынғыға қарағанда әлдеқайда нашар. Мұның себебі судың өте төмен деңгейінде. Биыл Жайық деңгейі 2 метрге төмендеді. Он күн бұрын қатты желден кейін өзенде де, теңізде де су деңгейі айтарлықтай төмендеді. Судың тартылуынан теңізге үлкен кемелер де, кішкентай қайықтар да шыға алмай отыр", – дейді балық қорғау инспекциясының бас маманы Амангелді Ахтанов.


"Зейнетақы ала алмай қаласыз деп қорқытты": Қарағандылық әйелге еркінен тыс коронавирусқа қарсы екпенің үшінші дозасын салып жіберген 


Берілген квота негізінде Атырау фермерлеріне Жайық және Қиғаш өзендерінен 30 000 тонна балық жинау қажет еді. Алайда, әзірге олар тек 8000 тонна жинады. Кәсіпкерлер егер су деңгейі көтерілмесе, олар жұмысынан айрылуы мүмкін дейді.

Талқылау