Атырауда студенттер жаппай төбелесті: Полиция қылмыстық іс қозғады (видео)

Фото: Видеодан скрин
Атырауда бос қалған көлікжайлардың маңында агроколледж студенттері арасында жаппай төбелес болды. Жігіттердің төбелесіп жатқан сәті видеоға түсіп қалып, желіде тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Жедел-іздестіру шаралары барысында екі жасөспірімге қасақана дене жарақатын салды деген күдікпен төрт кәмелетке толмаған күдікті полиция бөлімшесіне жеткізілді”, – деп мәлімдеді Атырау облыстық полиция департаменті.
Күдіктілер кәмелет жасқа толмағандықтан олардан тек заңды өкілдерінің қатысуымен жауап алынады.
“Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр”, – деп хабарлады полиция.
Төбелеске қатысқан жасөспірімдер ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне қойылады. Ал олардың іс материалдары кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жіберіледі.
Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына берілген 20 миллион теңгені кім алды: Әкімдік жауап берді
Марқұмның мүлкіне қатысты мәселелер заң талаптарына сәйкес нотариус арқылы рәсімделген
Астанада нөсер жаңбырдан кейін әйелдің 35 миллион теңгелік көлігі жарамсыз болып қалды
Анар Долдырина бұл жағдайға байланысты Астана әкімдігіне өтініш жолдаған