Атырауда коронавирустан емдемек болған жалған емші ұсталды
Атырауда дәстүрлі емес медицина арқылы індетті емдеумен айналысқан тұрғын ұсталды. Ол қаладағы ғимараттардың бірін стационар типінде жабдықтап, коронавирус жұқтырған тұрғындарға ем-дом жасаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап.

Тексеру барысында оның арнайы лицензиясы жоқ екендігі анықталды. Әрі қоймадан жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, атауы өзге тілінде жазылған дәрі-дәрмектер табылды.
"Ғимараттың екінші қабатынан ешқандай санитарлық нормаларға сай келмейтін станционар ашқан. Полиция қызметкерлері тексеру барысында төменгі қабаттан жарамдылық мерзімдері асып кеткен, жалпы саны 2500-ден астам дәрілік өнімдерді тауып тәркіледі. Қазір аталған дерек бойынша тексеру жұмыстары жалғасуда", - деді облыстық ПД-нің баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін