Атырау облысында Теңіз кен орны аумағында өрт шықты
Фото: Видеодан скрин
18 қаңтар күні таңертең Атырау облысы Теңіз кен орны аумағында орналасқан үшінші буын зауытында өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
18 қаңтарда шамамен сағат 9:55-те Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнында орналасқан Үшінші буын зауытының 52-учаскесінде өрт шықты. Өрт ГТГ-1 және ГТГ-2 газ турбиналық генераторлары арасындағы трансформатордың жанында болды.
КТК, "Теңізшевройл" және Қарашығанақ жобалары АҚШ санкциясынан босады
Мәліметке сәйкес, зардап шеккендер жоқ. Барлық қызметкерлер оқиға орнынан эвакуацияланды.
Өрт сөндіріліп, үшінші буын зауыты қайта айналым режиміне ауыстырылды. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Chevron компаниясымен Теңіз кен орны бойынша келіссөздерді бастағаны туралы жазған едік.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады