Атырау облысында су тасқыны кезінде сауда орталықтары азық-түлік бағасын қымбаттатқан
Атырау облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын өсірген кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: depositphotos.com
Облыстағы су тасқынына қарсы жедел штабтың мәліметінше, 2-8 сәуір аралығында бір сауда желісі мен бір бөлшек сауда субъектісі жауапкершілікке тартылған.
"Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы алдағы уақытта да бақылауда болады. Бағаны негізсіз көтергендер жауапқа тартылады", – деді Атырау облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Әлем Уәлиев.
Еске салсақ, бұған дейін су тасқыны кезінде Атырау қаласы әкімдігі қызметкерінің автосалонда көліктерді қарап жүргені түсірілген видео тарағаны туралы жазған едік.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды