Атырау облысында әкімдік су тасқыны кезінде 54,5 миллион теңгеге бәйге өткізбек болған
Атырау облысында әкімдік су тасқыны кезінде 54,5 миллион теңгеге бәйге өткізбек болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ser-per.kz
Ат жарысын өткізу туралы хабарландыруды мемлекеттік сатып алулар сайтында дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы жариялаған. Өтініштер 9-30 сәуір аралығында қабылданатыны көрсетілген. Басқарма бұл бәйге үшін 54,5 млн теңге бөлуді жоспарлаған.
Бәйге туралы ақпарат БАҚ пен желілерде жарияланған соң жоспарланған "Ұлы дала тұлпары" бәйгесі өтпейтін болды. Қазір мемлекеттік сатып алулар сайтындағы аталмыш хабарландырудың мәртебесі "сатып алудан бас тарту" болып өзгертілген.
Еске салсақ, бұған дейін Атырау облысында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланғаны туралы жазған едік.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды