Ата-анасы ұл балаға коронавирустың құрметіне есім берді
Ресейде жаңа туған сәбиге оның ата-анасы коронавирустың құрметіне есім берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Кемерово облысына қарасты Новокузнецкте ұл балаға Ковид (COVID, COrona VIrus Disease, яғни "коронавирус ауруы" сөзінің қысқартылуы ) есімі қойлыпты.
Ерекше есімге ие болған баланың әке-шешесі өздерінің бұл шешімін бұл есімнің бұрын-соңды еш кездесепегенін айтып мақтаныпты. Ерлі-зайыптылар Ковид есімі өзгеше әрі мықты энергетикаға ие екеніне сенеді.
"Бұл сіздерге Ваня, Саня, Коля, Толя, Коля емес. Бұл есімді ешкіммен шатастырмайсың", -дейді дара атқа ие болған нәрестенің ата-анасы.
Сондай-ақ олар бұл есімнің олардың балаларына сәттілік әкелетініне сенетінін айтыпты.
Ресейлік балақай коронавирустың құрметіне есімге ие болғандардың алғашықысы емес. Бұған дейін Үндістанда ерлі-зайыптылар қызына Корона деген есім беріпті.
Қазақстанда жақынынан айырылған қызметкерлер бір реттік төлем ала алады
Мектеп қызметкерлеріне 86 мың теңгеден астам көмек қарастырылған
"Жігітім үшін жер қазуға бардым": Қазақстандықтар желіде махаббат үшін жасаған ессіз әрекеттерін бөлісіп жұртты күлдірді
Бойжеткен: "Жігітті үйіне шығарып саламын деп иті артымнан қуды"
