Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шешініп биледі: Қазақстанда ата-анадан сыйлық алған мұғалімді жұмыстан шығарып жіберді

Әлеуметтік желіде мұғалім алдында әнші Том Джонстың маскасын киген ер адамның билеген сәті таралуда. Анықталғандай, видео Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы "Әймен" орта мектебінде түсірілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

би

Видеодан Аяз ата киіміндегі Том Джонстың мектептен аулаға шығып, мұғалім алдында би билегенін көруге болады. "Sex Bomb" әнімен өнер көрсеткен ол мұғалімге жемістер салған себет сыйлайды. 

Бұдан кейінгі әрекеті көпті таңдандырды. Ол Аяз атаның шапанын шешіп, мұғалімге "стриптиз" билейді. Ал мұны екінші сынып оқушылары тамашалап, қол шапалақтағанын көруге болады. 

Видео жөнінде пікір білдірген Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөліміндегілер оқиғаның 2021 жылдың 28 желтоқсанында болғанын мәлімдеді. Ал бишіні оқушылардың ата-аналары шақыртқан. 

"Педагог мәртебесі туралы" заңға қайшы әрекет орын алған. Педагог этикасы нормасын сақтамағаны үшін бастауыш сынып мұғалімі Зайтунам Абдуллаева 12 қаңтарда жұмыстан шығарылды. Мұндай оқиғаға жол бергені үшін директор М. Жайлыбай қызметінен босатылды", – деді аудандық білім бөліміндегілер.

Талқылау