Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәслихат Астанадағы жаңа ауданның атауын Сарайшық деп бекітті

Жаңа ауданның атауы барлық талқылау сатыларынан өтті. Енді аппарат құрылымын тіркеу процесі басталады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Астана мәслихатының депутаттары елордадағы жаңа ауданның атауын бекітті. Жаңа ауданның атауы – Сарайшық. Бірақ жаңа аудан, оған әкімдік және тағы басқа бөлу процедурасы біраз уақыт алуы мүмкін.

Мәслихаттағылар астананың Алматы ауданын аумағы үлкен болғандықтан екіге бөлуді ұйғарды. Бөлуге негіз 2024 жылдың қаңтарында бекітілген Астана қаласының Бас жоспары болды. Жаңа аудан Алматы облысының жалпы ауданы 6 953 гектарды құрайтын оңтүстік бөлігін алып жатыр.

Астанада барлығы алты аудан болады:

  • Алматы;
  • Сарыарқа;
  • Есіл;
  • Нұра;
  • Байқоңыр;
  • Сарайшық.

Бұған дейін мәслихат сессиясында тілдерді дамыту және мұрағат істері басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп осындай атауды ұсынған еді.

Айта кетейік, Сарайшық – Жошы ұлысының ірі сауда-экономикалық орталығы болған ортағасырлық қала. Атырау қаласынан солтүстікке қарай 45 шақырым жерде орналасқан. Бұл қала арқылы Еуропа елдері мен Алтын Орда астанасынан Хорезм қаласына, сонымен қатар Үндістанға, Иракқа, Қытайға баратын негізгі керуен жүріп өткен.



Еске салайық, бұған дейін Астанада жаңадан құрылған ауданға атау берілгенін жазған едік. Барлығы 15 нұсқа таңдалып, солардың арасынан Сарайшық, Сауран, Тұран және Жерұйық деген төрт атау белгіленген. Кейін жалпы дауыс беру қорытындысы бойынша Сарайшық атауы таңдалды.

Талқылау