Астанада жаңа салынып жатқан медресе өртенді
Астанада медресе құрылысы кезінде өрт шықты, деп хабарлады ҚазАқпарат Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

«18 ақпанда 15:35-те «Оңтүстік-Шығыс» ықшамауданы, Қарқабат көшесінде түтін көрінді. Сағат 15: 41-де келгенде, ауданы 10 шаршы метр болатын жаңадан салынып жатқан медресенің күмбезі өртеніп жатыр», – деді Р. Иманқұлов.
Өрттен зардап шеккендер жоқ. Қызыл жалын сағат 16: 03-те жойылды. Өрт – дәнекерлеу жұмысы кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмағаннан туған.
Жіберіп алмаңыз:
ШҚО-да жүргізуші көлігімен мұзға батып кетті
Ақтау-Бейнеу тас жолында көлік апатынан үш адам қаза тапты
Астанада микротолқынды пештің салдарынан ТЖО өртенді
Қапшағай су қоймасында автокөлік мұз астына түсіп кетті (фото)
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан