Астанада полицей атын жамылған алаяқ шетел азаматынан азғындық жасадың деп ақша бопсалаған
Астанада полицей атын жамылған алаяқ Өзбекстан Республикасының азаматынан әйелге азғындық жасадың деп ақша бопсалаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ер адам шетелдік азаматтан белгісіз әйелді жәбірледің деп айыптаған. Одан қылмыстық жауапкершілікке тартылмас үшін 200 мың теңге талап еткен.
Полиция атын жамылған алаяқ 200 мың теңге көлеміндегі қаражатты алған жерде ұсталды.
“ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азаматтың елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде”, – делінген хабарламада.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған