Астанада грантқа ауысуға көмектесемін деп 15 адамды алдаған университет қызметкері сотталды
Астанада студенттер мен олардың ата-аналарын алдап, грантқа ауыстыру жөнінде уәде беріп, ақшаларын иемденген бұрынғы ЖОО қызметкері сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Деректерге сүйенсек, айыпталушы түлектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу секторында жұмыс істеген.
“Ол студенттер мен олардың ата-аналарын академиялық үлгерім, грантқа ауыстыру және стипендияны қайтару мәселелерін "шешіп" бере алатынына сендірген.
2023-2024 жылдар аралығында ол алаяқтық жолмен 3 миллион теңгеден астам қаржыны иемденгені анықталды. Оның әрекетінен 15 адам зардап шеккен”, – делінген хабарламада.
Мемлекеттік айыптаушы оның кінәсін толық дәлелдеді. Жәбірленушілерге келтірілген шығын өтелген.
“Кінәсін мойындап, залалды өтеуі және кәмелетке толмаған балаларының болуы ескеріліп, ол 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына сотталып, тағайындалған мерзімге пробациялық бақылау белгіленді”, – делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енді.
"Жалаңаштанып айға қарап, рәсім жасайды": Батыс Қазақстандағы бір ауылдың тағдырын жат ағым қалай өзгертті?
Мадхалиттердің 4-5 жыл бұрын депутаттық корпусқа үміткер болуға талпынғандары да болды
"Саябақтарда қонып жүрмін": 21 жастағы қазақстандық балалар үйінің түлегі дала қалды
Жетім балалар неге кәмелетке толған соң көше кезіп қалады?