Астанада баспалдақтан құлаған оқушының жағдайы белгілі болды
Елорданың білім басқармасы баспалдақтан құлаған оқушының жағдайына түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Білім басқармасының хабарлауынша, Астана қаласының № 14 мектеп-гимназиясының оқушысы екінші қабатқа көтерілгенде, баспалдақтан құлаған.
"Баланың айтуынша, оны сыныптасы итеріп жіберген. Бұл жерге жедел жәрдем шақырылды. Бала қалалық балалар ауруханасында. Жағдайы тұрақты. Комада болған жоқ", – деп мәлімдеді басқарма.
Шенеуніктер мектептің баспалдақтары қоршаулармен жабдықталғанын айтты. Қазіргі уақытта басқарма мектеп директорына қатысты шаралар қабылдау мәселесін қарастыруда.
Бұған дейін Астанадағы мектепте оқушы баспалдақтан құлап, үш күн комада жатты деген ақпарат пайда болды.
"Үйде нан бар деп күлді": Көршісінің шелпегін алмай қойған қыздың әрекеті желіде дауға ұласты
Оқырмандардың бірі "шелпектің қандай қолмен дайындалғанын кім білсін?" деп айтқан
Қазақстандық модель "Америкалық қорқынышты оқиғалар" сериалының постеріне қалай түскенін айтты
Түсірілім АҚШ-тың Бруклин ауданындағы Warehouse Studio студиясында өткен