Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асқар Мамин карантин талаптарын күшейтуді тапсырды

Премьер-министр Асқар Мамин үкімет отырысы барысында бірқатар тапсырмалар берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мамин елдегі санитарлық эпидемиологиялық талаптарды күшейту мәселесіне тоқтады. Басқа шекаралас мемлекеттер арасында вирустың таралуының жаңа толқыны басталып жатқанын ескерген ол 15 қазанға дейін барлық дайындық жұмыстарын аяқтауды тапсырды.

"Жалпы елдегі санитарлық эпидемиологиялық жағдай тұрақтанды. Дегенмен әлемде және бірқатар шекара маңындағы елдерде эпидемияның тұрақсыздығын ескеріп, біз санитарлық талаптарды сақтау шараларын күшейтуіміз қажет. Мүдделі мемлекеттік органдар мен өңір әкімдіктері санитарлық эпидемиологиялық іс шараларды жүргізіп, дайындықты қамтамасыз етсін", - дейді Асқар Мамин.

Сонымен қатар, Мамин өңірлерді толыққанды қамтамасыз етіп, карантиндік бақылауды күшейту керек екенін тілге тиек еткен. 

"Денсаулық сақтау министрлігі көшпелі медициналық кешендер мен жедел жәрдем автокөліктерін қажетті техника мен жабдықтарды, жеке қорғаныс құралдарын сатып алуды қамтамасыз етіп, оларды 15 қазанға дейін өңірлерге тарату бойынша барлық қажетті шаралар қабылдансын. Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанға келетіндерді карантиндік бақылауға алуды күшейтсін. Министрлікке карантин талаптардын күшейтуді, ережеге бағынбағандарға жаза қолдануды тапсырамын", - дейді премьер-министр. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр