"Араласпа, кіріспе": Әсел Асқардың ерте жаста зорланған қыздарға қатысты мәлімдемесі Тимур Балымбетовтың ашуына тиді
Танымал продюсер, тележүргізуші Тимур Балымбетов блогер Әсел Асқардың ерте жаста зорланған қыздарға қатысты айтқан сөзіне шүйлікті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Онда Әсел Асқар ерте жаста зорланған қыздардың "сексуалды энергиясы жоғары" болатынын айтқан.
"Ерте жаста зорланған қыздардың сексуалды энергиясы жоғары. Өйткені олар осындай жастың өзінде ер адамды өзіне қаратты", – деген Әсел.
Тимур Балымбетов мұны көріп, қатты ашуланғанын жеткізді.
"Мені оқитын адамдар біледі. Өзім ашушаң немесе біреумен ұрыс-керіске баратын адам емеспін. Бірақ бұл – қорқынышты тенденцияның белгісі. Менің оқырмандарым бар, лайк басады, пікір жазады, сондықтан өзін экспертпін деп санап, ойына келгенін айтып, ол үшін ақша алатын болған. Ала берсін. Бірақ сендер қалай осындай курстарды сатып аласыңдар? Қалай оқисыңдар? Бұл жерде мораль, этика, білім , рухани құндылық жоқ. Қалайша осындай адамдар әлі күнге дейін бірдеңе сатып, танымал болып жүр?
Айналайын, құрметті Әсел, өтінемін, қоя ғой. Араласпа, кіріспе", – деді ашынған Тимур Балымбетов.
Продюсер әйел адамның айтып отырғанын түсіне алмағанын жеткізді.
"Өгей әкелері, аталары, туыстары, бейтаныс адамдар 5-6-7 жасында зорлаған қыздардың көзіне қарап: "Сен өзің кінәлісің" десінші. Әйел адам басқа әйелдерге осыны оттап отыр.
Қалайша дәті барды? Түсінсем бұйырмасын. Канселлингті қолдамаушы едім, бірақ өзім барып Инстаның саппортына арыз жазамын", – деп мәлімдеді Балымбетов.

Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты