Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аружан Жазылбекова: Жақын адамдарымның қадірін оларды жоғалтқан соң ғана түсініп жатырмын

Актриса Аружан Жазылбекова жақындарынан айырылған соң адамды қадірлеуді үйренгенін айтады. Актриса жақын адамдарынан айырылған соң үлкен сабақ алғанын жеткізді. 

Қайда кетіп барамыз: Аружан Жазылбекова тек қана қазақ тілінде сөйлеу туралы талаптар жайлы

Аружан жақындарымен өткізген сәттерді бағалаудың қаншалықты маңызды екенін енді түсінгендей. Аружан Жазылбекова жақындарынан айырылу оған үлкен сабақ болғанын мойындады.

"Осы жылы үш жақын әрі сүйікті адамдарымнан бірден айырылып, туған-туысқандармен араласудың бар қуанышын енді ғана түсіндім. Алдымен басқа қалаға кетесің, сосын мектеп, колледжде оқып, жұмысқа істеуге асығасың. Қысқа жазғы демалыстар туыстарыңа деген сүйіспеншілікті шынайы сезінуге мүмкіндік бермейді. Балалық шақта ешкім ешнәрсе түсінбейді. Ал енді, аз да болса өмір сүріп, әлемді танып, адамдармен танысқанда, оң мен солды танығанда жақын адамдардың қадірін түсіне бастайсың. Шынымен не маңызды екенін түсінгендеймін. Кейбіреулер үшін менің сөздерім жаттанды болып көрінетін шығар. Бірақ мен бұны енді ғана түсініп, басымнан өткеріп жатырмын", - деп жазды Аружан Instagram желісінде.

Желідегі жазылушылар оған көңіл айтты. 

"Мен сені өте жақсы түсінемін", "Бұл дүниеде бәріміз қонақпыз, бірақ бәрібір туысқаннан маңызды ештеңе жоқ, сабыр ет, Аружан", "Қандай ауыр сөздер", "Біреуді жоғалтқаннан кейін ғана біз оларды шынымен бағалай бастаймыз. Бізді әрқашан қолдайтындар – жақындарымыз", - деді олар.


Талқылау