Артында үш баласы қалды: Алматы полиция департаменті басшысының ұлы көз жұмды
Алматы полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаевтың ұлы Нұрсұлтан Күдебаев көз жұмды. Бұл ақпаратты қалалық полиция департаменті растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сурет: ВКонтакте/Нұрсұлтан Күдебаев
Tengrinews.kz порталының мәліметінше, Нұрсұлтан Күдебаев тамыз айының басыгжа Алматы облысында квадроциклмен жол апатына ұшыраған.
Белгілі болғандай, ол 27 тамызда Германияда көз жұмған. Сол жақта Нұрсұлтан Күдебаевқа ота жасалған екен.
Марқұмның артында үш баласы қалды.
Нұрсұлтан Күдебаевтың Алатау аудандық прокурордың орынбасары болып қызмет еткені белгілі.
Stan.kz редакциясы полиция басшысы Серік Күдебаевтың отбасына көңіл айтады.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"