Артында екі айлық баласы қалды: Талдықорғанда екі құрылысшы биіктіктен құлап, көз жұмды
Қайғылы жағдай Талдықорған қаласындағы жаңа ықшам аудандардың бірінде орын алған. Құрылыс жұмыстарының барысында екі жас жұмысшы абайсызда құлап кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқыс оқиға облыс орталығындағы жаңадан салынып жатқан үйлердің бірінде болған.
Жұмыс барысында бірден екі құрылысшы 5 қабаттан абайсызда құлап кеткен. Жігіттер оқиға орнында көз жұмды.
Қаза тапқан жігіттің біреуі небәрі 24 жаста болған. Артында әйелімен жаңадан туған 2 айлық нәрестесі қалды.
"Тергеу жұмыстары қалалық полиция басқармасына тапсырылып, прокуратура қызметкерлерінің арнайы бақылауына алынды" - деп хабарлайды Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты